Араб әлемінде танымал уағызшы Амру Халид әйгілі "әл-Арабия" телеарнасына берген сұхбатында Пайғамбарымыздың (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Мекке шаһарында жұртты дінге астыртын шақырмағанын айтты. "Пайғамбар (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өз міндетіне кіріскенде Мекедегі Дарул Аркамның үйін мұсылмандардың жасырын жиын өткізетін жер ретінде пайдаланған дейтін пікір соңғы ғасырда ғана пайда болған. Мұндай пікірді бұрынғы мұсылмандардың еңбектерінен кездестірмейсіз",- дей келе ол сол кезде Мекке халқының саны бойынша осы заманғы елді-мекенге келетінін еске сала кетті. Мұндай жерде ауыздан шыққан сөзі дереу жайылып үлгеретінін ескеру қажеттігін аулға тартты. "Қағбаға жақын үйге ондаған адамның жасырын кіріп жүргенін елестетудің өзі мүмкін емес",- деді ол сөзінің бір тұсында. Оның айтуынша, Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Дарул Аркамның үйінде Мекке жастарынан мұсылман жамағатын қалыптастырған, бірақ, оларды қоғамға қарсы қоймаған. Бұл жайында islamnews.ru ақпарат көзі хабар таратты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.01.2017
4018
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру