Дубай шаһарында жақын уақытта араб әлеміндегі ең үлкен кітапхана пайдалануға берілмек.
Кітапхананы жыл сайын 42 млн адам пайдаланады жеп жоспарланып отыр екен.
Кітапхана құру туралы заңға 2016 жылдың басында Дубай әмірі шейх Мұхаммед бин Рашид әл Мақтұм мен БАӘ-нің вице-президенті және премьер-министрі қол қойғанын естеріңізге сала кетейік.
Жобаның құны шамамен 272 миллион долларға бағаланып отыр. Кітапханада жарты миллионға жуық кітап пен екі миллионға жуық электронды кітап қоры болады.
Кітапхана 8 тақырыптық бөлімдерден тұрады, жыл сайын мұнда жүздеген мәдени-ағартушылық іс-шаралар өткізілмек. «Бұл кітапхана араб әлемінің білім ошағы, өркениет орталығына айналуы тиіс» деп атап өтті Дубай әмірі әл-Мақтұм.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.11.2016
4154
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру