2016 жылы Марокко үкіметі бүкіл ел бойынша жүзден астам мешітті энергия үнемдейтін жүйелермен жабдықтаған және елдегі барлық 15000 мешіттің шамамен 30%-ын мемлекет қаржыландыратын болған, ел үкіметі алдағы бес жылда бағдарламаны кеңейтуді жоспарлап отыр.

Елдегі «Жасыл мешіт» бастамасы жаңартылған энергия көздерін енгізу үшін жоспарланған жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Марокко энергия үнемдейтін технологиялар мен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды арттыру, импортталатын отын беруге және шығатын зиянды заттарды азайтуға миллиардтаған доллар жұмсайды екен.
Халықаралық энергетикалық агенттіктің бағалауынша, бүгінгі күні, Мароккода энергияның шамамен 95% шетелден импортталады.
«Жасыл мешіт» жобасы бүкіл ел бойынша мешіттерде жарықдиодтық шамдардың, күн, су жылытқыштар және күн батареяларын орнатуды жоспарлап отыр екен.
Ел астанасы Рабат қаласындағы Әл-Сүннет мешіті осының жарқын мысалы. Үкімет мешіттің энергия тұтынуды азайту, мешіт жабдықтарының энергия үнемдеу жүйелерін 80%-ға дейін жаңартып, оған шамамен $ 30,000 жұмсалған. Жылына шамамен $ 7,000 құрайды.
Үкіметтің мақсаты 2030 жылға қарай энергия шығынын 20%-ға дейін азайту болып табылады екен.
Muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.11.2016
4758
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру