Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Катарда футболдан 2022 ӘЧ кезінде алкогольге тыйым салынады

10.11.2016 3941 0 пікір

Катарда 2022 жылы өтетін футболдан әлем чемпионаты кезінде алкоголь өнімдерін тұтынуды шектейтін болады. Шектеу барлық жерде емес, қоғамдық орындарда және көшеде ішуге рұқсат етілмейді.

«Сондай-ақ, стадиондарда және олардың маңында спирттік ішімдіктерді сату мен қолануға тыйым салынады. Чемпионат кезінде Катар өзінің сан ғасырлық дәстүрі мен заңдарын аяқасты ете алмайды»,- дейді Катар 2022 жылғы Әлем кубогы ұйымдастыру комитетінің бас хатшысы Хасан Әл-Тауад .

Хабарда алкогольге бүкілдей тыйым салынбайтыны жайлы да айтылған. Футбол қонақтары ішімдікті қонақүйде пайдалануға болады. Сонымен қатар, сарапшылар мұндай тыйым ФИФА және Чемпионаттың демеушілері арасындағы араздықты тудыруы мүмкін деп есептейді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру