Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Финляндияда исламды оқыту мектеп бағдарламасына енді

03.11.2016 6237 0 пікір

Финляндияда ислам мектеп бағдарламасына енді. Осыдан былай оқушы «Лютерандық дін», «Ислам негіздері» немесе «Зайырлы қоғам» сабақтарының бірін таңдап оқи алады.

Исламдық оқу-әдістемелік бағдарламасы «Әлемдік діни әртүрлілік», «Дінге қарым-қатынас» және «Өмірдің жақсы қағидаттары» сынды үш бөлімнен тұратыны хабарланды. Финляндияда басқа діндер де осындай үш бөлікке бөліп оқытылады.

Айта кету керек, Фин елінің бұл жаңалығына бүкіл қоғам қолдау білдіріп, оң көзқарас танытты.

Әлеуметтанушылардың айтуынша, мектепте исламның оқытылуы болашақта жас ұрпақтың оны зерттеуі мен әр түрлі экстремистік топтардың енуін болдырмау үшін көмектеседі екен.

Muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру