
Біріккен ұлттар ұйымының 31 қазан күні жариялаған зерттеу нәтижесі бойынша әлемде бүгінгі таңда 300 миллион бала ауаның ауыр дәрежедегі ластануынан зардап шегіп отыр екен. Әсіресе, ауаның ластануынан бала миының жетілуі тосқауылға ұшырайды делінген мәлімдемеде. БҰҰ-ның балалар қор қоғамы көрсеткен деректерде жер шарында мөлшермен әр 7 баланың бірі ауаның әлемдік тазалық көрсеткішінен 6 есе лас ауадан тыныс алып отыр. Бүгінгі таңда лас ауа балалар өліміне ең көп себепкер болатын жағдайлардың тізіміне енген.
БҰҰ балалар қор қоғамының жауаптысы Антони Лактың пікірнше ауаның ластануынан әр жыл сайын 5 жастан төмен 600 мың бала көз жұмады екен.
Маманның айтуына қарағанда лас ауа бала өкпесінің қалыпты жетілуіне кері әсерін тигізумен бірге, бала миының қан тамырларында қанның ұюына апарып соғып, ми жасушалары жетілмей қалады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күнге дейін әлемнің әр түкпіріндегі ортаның жаппай ластануын бірде-бір ресми ұйым өз жауапкершілігіне алмаған.
Muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.11.2016
4064
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру