
Бүгінде некелерін қиып, бақытты отбасыға айналған олар Алматы – Абу-Даби бағытындағы ұшақта танысқан көрінеді. Әкесі шіркеу қызметкері болып істейтін ағылшын жігіті Etihad Airways компаниясының әуесерігін бір көргеннен ұнатып қалған екен.
«Үйлену тойымыз Шейх Заед мешіті жанындағы Шангри-Ла қонақ үйінде өтті. 200-ге жуық қонақтарымыз болды. Олар арасынан 25-тен астам ұлт өкілі болды. Таңертеңгісін неке қию рәсімі өтті. Күйеуім жақында ғана Ислам дінін қабылдаған болатын. Есімі – Ибрагим. Имам әкемнің және 4 куәгердің алдында некемізді қиып берді. Араб және ағылшын тіліндегі неке куәлігін де берді», – дейді Жанна.
«Той өте қызықты өтті. Той ортасында қырғыздың ұлттық киімін киіп шықтым. Күйеуім айырқалпақ киіп алды. Құрбыларым «Жар-жар» айтып, мен ата-енеме сәлем салдым. Әрине, бұл рәсімдерді шет елдік қонақтар бірінші рет көрген шығар. Барлығы суретке түсіріп жатты», – деп еске алады ол.
Той үстінде Жаннаның ата-анасы құдаларына киіт кигізіп, ал қарсы жақ оларға қалыңмал ақшасын тарту еткен.
Muslim.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.10.2016
3854
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру