
Сауд Арабиясы мен Жапонияның SoftBank Group компаниясы бірлесіп технология саласын қаржыландыратын әлемдегі ең үлкен инвестициялық қор құрмақшы. Қордың бастапқы капиталы 100 млрд доллар болады.
Жобаға түрткі болған мұнай бағасының төмендеуіне байланысты Эр-Риядтың шикізаттық тәуелділіктен арылып, технологиядағы бизнесті қолдау бастамаларына ден қоюы.
Жапонияның SoftBank банкінің негізін қалаушы және төрағасы Масайоши Шон арабтардың бұл бастамасын қолдап отыр. Шон өзінің компаниясын 50 мың долларлық стартаппен бастап, бүгінге дейін 68 млрд долларлық инвестициялық қорға айналдырған.
Алдағы бес жылда Сауд Арабиясының ұлттық қоры аталған жобаға 45 млрд теңге бөлсе, өз кезегінде Жапония банкі 25 млрд-ьан бастамақшы.
Ал қалған 30 млрд доллар өзге де инвесторлар тарапынан ұсынылады деп күтілуде.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.10.2016
3492
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру