
Түркия елінде таза алтыннан жасалған мешіт макеті пайда болды. Алтынмен апталып, асыл тастармен көмкерілген макеттің түпнұсқасы ретінде әлі салынып бітпеген Чамлыджа мешіті таңдалған көрінеді.
Жалпы салмағы 307 келі 22 грамм болатын макетті құрастыруға 27 кәсіби шебер жұмылдырылған. Нысанның биіктігі – 1,85 метр. «Алтын мешіт» Istanbul Jewelry Show деп аталатын халықаралық зергерлік көрмесіне қойылып отыр.
Айта кетейік, «алтын мешіттің» дүниеге келуіне үлгі болған Чамлыджа мешітінің өзі келесі жылдың жаз айларында ашылады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.10.2016
4138
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру