
Испаниялық мұсылман жігіт кіші қажылығын, яғни ұмрасын орындауға 9000 шақырымнан астам жолды жаяу жүріп өткен.
Жас жігіттің сапары 5 жарым ай бұрын Парижден басталған, бұл туралы кувейттік Al Rai басылымы жазды.
Мұсылман жігіт Франциядан Меккеге жаяу жүріп жетті. Бүкіл жолында ол шамамен 5 мың еуро (тәулігіне 10 еуро) жұмсаған.
Жас жігіт сапар барысында ауа райы жағынан бірқатар қиындықтардың туындағанын айтты. Тіпті, күннің суықтығынан қол-аяғы ештеңе сезбей қалған.
Айта кету керек, қажылық сапарын жаяу жасаған мұсылмандар арасында испандық жігіт бірінші емес, 2012 жылы Сауд Арабиясына қажылық парызын орындауға Босния елінің азаматы жаяу жүріп келген. Ол 5700 шақырым жолды жаяу бағындырған-ды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.10.2016
5589
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру