Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚШ-та хиджаб киген мұсылман әйел теңіз офицері атанды

17.10.2016 4800 0 пікір

Флоридалық мұсылман қыз Вермонт штатындағы әскери колледжде оқитын болды, әскери оқу орны оның хиджаб киюіне мүмкіндік берді.

Сана Хамзаның бұл шешімі осы жылдың басында БАҚ-тарда кеңінен талқыланған болатын. Оңтүстік Каролина әскери училищесі бірыңғай киім формасынан бас тартқан. Ондағы мақсат, әскерилер қатарына хиджабтағы офицерлерді қабылдау мүмкіндігін беру.

Сана Хамза әскери нысан бойынша ислам әдептерімен киім киюге рұқсат етілген бірінші қыз болғанына қарамастан, ол өзін ең алғашқымын деп есептемейді екен.

Ол АҚШ-тағы әскерилер арасында осындай форманың бұдан кейін де қала беруін өтініп сұрағанын айтты. Норвич университеті алты ірі ұлттық әскери мектептердің бірі ретінде мұсылмандардың да өз діни әдебі бойынша киім киіп әскер қатарында жұмыс істеуіне келісімін берді.

Muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру