Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Иорданиялық танымал тележүргізуші Ислам дінін қабылдады

17.10.2016 4085 0 пікір

Иорданиялық христиан тележүргізуші Ауни Кандах  Ислам дінін қабылдаған. Ол бұл шешімі туралы ол сенбі күні өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

Араб тіліндегі басылымдардың біріне берген сұхбатында Ауни Кандах  Алланың хақ дінін қабылдауға ең басты себепкер құран аяттары екенін айтқан. «Ықылас» сүресі оған ерекше әсер еткен.

Сондай-ақ, Кандах бұл ісін мұсылман достары мен көршілері қуана қабыл алғанын айтты. Келесі қадамда дін жайлы білімін тереңдеткісі келетінін жеткізді.

Иорданияда бүгінгі таңда 5%-ға жуық мәсіхшілер тұрады. Айта кету керек, Иорданияда дін бостандығы заң бекітілген.

 

Muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру