
2020 жылға таман әлемдік нарықтағы «халал» 10%-дан асады әрі одан түсер пайда 3,7 триллион доллармен есептелетін болады. Бұл жөнінде әлемнің әр қиырынан келген сарапшылар Дубайда өткен Дүниежүзілік ислам экономикалық саммитінде айтты.
«Бүгінгі күні халал – бұл тек қана тамақ емес, ол адамзат өмірімен байланысты дүниелердің бәрі: медицина, косметика, фармацевтика, туризм және басқалары», - дейді Халықаралық "Халал" сертификаттау орталығының өкілі Амина Ахмед Мұхаммед.
Әсіресе, халал туризмнің дамуы өз келешегінен мол үміт күттіреді. Қазіргі таңда қажылықты қоспағанда, әлемдік туризм нарығының 12% үлесі халал қызмет көрсету туризміне тиесілі.
Бірнеше он жылдықтан кейін мұсылмандардың саны христиандардың санына тең келетінін ескере отырып, талдаушылар халал бизнес келешегінің зор екеніне сенім білдіреді.
Muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.10.2016
4458
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру