Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мысыр билігі пирамидаларды жекелердің қолына бермекші

12.10.2016 3891 0 пікір

Мысыр билігі Гиза аңғарындағы пирамидаларды бақылау меншігін жеке компанияларға беруге шешім қабылдады.

Бұл шешім әлемдік деңгейде пирамидаларды кешенді түзету жақсарту және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қабылданды.

Жеке меншік компаниялар Гиза аңғарындағы мыңдаған ескерткіштердің тазалығы, тәртібі мен қауіпсіздігіне жауапты болады.

Гиза аңғарының тазалығын қамтамасыз ету үшін жеке компаниямен алғашқы келісім-шарт бір жылға қол қойылған. Оның құны 5 млн мысыр фунты (шамамен 12,5 млн теңге) болып табылады. Жалпы басшылықпен және қауіпсіздікпен екі басқа компаниялар айналысатын болады. Өйткені, Пирамида аңғарында сервис деңгейінің төмен болуы себебінен Египет органдарының ұзақ уақыт бойы сынға ұшырап келгенін атап өткен жөн. Атап айтқанда, туристер көбінесе кафе, мейрамханалар мен демалыс орындары ретінде жұмыс істейтін жерлердің лас және қауіпсіздік деңгейінің төмендігі жайлы шағымданып келген.

Muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру