
Мәскеуде алғаш рет мазһабтарды жақындастыру мақсатында дүниежүзілік форум өтеді.
Форум «Исламның бірлігі – мұсылманның бірлігі» деген тақырыппен 18-20 қазан күндері өтеді деп жоспарлануда.
Форумға қатысушылар ең өзекті мәселелер бойынша сөз қозғайды. Форумға Таяу Шығыстағы діни ұйымдардың басшылары қатысады деп күтілуде. Сонымен бірге, Ресей, ТМД, Еуропа, Солтүстік Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген өкілдер қатысады.
Ресей Федерациясы Діни басқармасының өкілі былай деді: «Қазіргі таңда мұсылмандар әл-Каида мен ИШИМ сынды террорлық ұйымдардың кесірінен түрлі қиындықтарды басынан өткеруде. Осы мәселелер жайлы бүкіл Ислам әлемі болып талқылап, жауап іздеу мақсатында аталмыш шараны ұйымдастырып отырмыз.»
Ұйымдастырушылардың айтуынша мәзһабтардың жақындасуы үшін фиқһ ілімін зерттеу басты назарда болмақ.
Muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.10.2016
3732
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру