Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Уругвай азаматының ислам дінін қабылдаған әсері сәті: "Иса Алланың пайғамбары" (ВИДЕО)

22.09.2016 12905 0 пікір

Интернет кеңістігінде Уругвай азаматының ислам дінін қабылдау сәті жазылған таспа кең тарады.

Уругвайлық тұрғын имамның айтқанын сөзбе сөз қайталап, ислам дінін қабылдау шарты – кәлима шахадатын айтады: «Алладан басқа ешбір Құдай жоқ екеніне, Мұхаммед оның елшісі екеніне куәлік етемін. Иса Алланың пайғамбары екеніне куәлік етемін».

Кәлима шахадатының классикалық қалыптасқан үрдісінде Иса пайғамбар туралы айтылмайды. Алайда, имам Иса пайғамбардың ислам дінінде де орны ерекше екенін, оның да пайғамбар болғанын түсіндіру үшін қосымша айтқызған.

Ал, хақ дінмен қауышқан жан кәлима шахадатымен шектелмей, Құранның беташар сүресі – «Фатиханы» оқуға ниет білдірді. Қасиетті Құран аяттарын оқу барысында ол ішкі толқынысын жасыра алмай, көз жасына ерік берді.

Ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру