Сауд Арабиясы Статистика ведомствосы биылғы қажылық бойынша соңғы қорытынды деректі жариялады. Биылғы жылы қажылығын өтеген шетелдіктердің 54,6%-ын ерлер, 45,4%-ын әйелдер құраған.
Шетел қажыларының басым бөлігі, 94%-ы – әуе арқылы, 5%-ы көлік құралдарымен және 1% теңіз көлігімен келген.
Ал, биылғы қажылардың жалпы саны кемінде соңғы 10 жылда ең төмен көрсеткішке ие болып отыр, деп жазады Al Arabiya.
Мәселен, 2007-жылы 1,7 миллионнан аса шетел қажылары мен 746 511 саудиялық тұрғындар, жалпы саны 2,4 млн адам қажылық жасаса, биыл шетел қажыларының саны 1 325 372 адамды, жергілікті қажылар саны 537 537 адамды, барлығы 1,9 миллион қажыны құрады.
2012-жылы қажылар саны 3 миллионнан асты – бұл қажылықтың соңғы он жылдық тарихындағы ең үлкен көрсеткіш.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.09.2016
3809
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру