Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам қабылдаған Британ елшісі алғашқы қажылығын өтеді

16.09.2016 3616 0 пікір

Ұлыбританияның Сауд Арабиясы королдігіндегі елшісі Саймон Коллинз өзінің қажылық парызын өтеп қайтты.

Елшінің жұбайы Худа Коллинз Твиттер желісіндегі Фаузия әл-Бакр деген бүркеншек есіммен жүргізіп отырған парақшасында «Британ елшісі Ислам қабылдағаннан кейін өзінің алғашқы қажылық парызын өтеді. Саймон Коллинз жұбайымен Меккеде. Аллаға шүкір!» деген жазба жариялаған.

1978-жылы араб тілі бойынша оқуын тәмамдаған Саймон Коллинз «Форин-офис» компаниясында жұмысын бастаған болатын. Эр-Риядтағы осы қызметіне кірісерге дейін ол Британ мемлекетінің Бахрейн,Катар, Ирак және Сирия елдеріндегі елшіліктерінде қызмет атқарған.

Muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру