Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылман туристер үшін үздік елдердің тізімі жарияланды

07.09.2016 5301 0 пікір

Мұсылман туристер үшін үздік елдердің тізімі жарияланды

Санақ бойынша мұсылман саяхатшылар әлемдегі барлық саяхатшылардың 10% құрайды екен.

Мұсылман саяхатшылар үшін TОП бағыттар - Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркия. Бұл туралы туризмге жауапты бүкіләлемдік мұсылмандар индексі атты ұйым тұжырым жасап отыр.

Жалпы алғанда, зерттеу 130 туристік бағытты қамтыған. Зерттеушілер бүкіл әлем бойынша мұсылмандар үшін тартымдылық ықтималдығы ең жоғары елдерді талдаған.

Мұсылман саяхатшылардың Еуропа мен Азия екі құрлықтағы үлесі 87% құрап отыр.

2015 жылдың зерттеу нәтижесі бойынша бүкіл әлем саяхатшыларының 10% мұсылмандарды құраса, оларды нақты саны 117 миллион адамға жеткен.

Сонымен қатар, сарапшылар 2020 жылға қарай саяхатшы мұсылмандар саны  168 миллионнан астам адам болады деп болжап отыр.

Muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру