
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің арнайы тапсырмасымен Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы бастаған шығысқазақстандық имамдар тобы Ресейдің Алтай өлкесі Славгород қаласында жаңадан салынған мешіттің ашылу салтанатына қатысты.
Ауқымды шараға жан-жақтан мәртебелі меймандар, Алтай өлкесінің басшылығы, губернатордың кеңесшісі Марина Маратовна, Алтай өлкесіндегі мешіттердің имамдары, қазақ диаспорасының өкілдері мен Алтай өлкесі және Алтай Республикасының қазақтарының мәдениет, қоғам қайраткерлері, діндарлар, басқа діни ұйымдар өкілдерімен Славгород халқы жиналды.
![]()
Мешіттің ашылу рәсімінде ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы сөз сөйлеп, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің Алтай өлкесіндегі қандастарымызға деген сәлемін жеткізіп, Славогород мешітіне Бас Мүфти хазіреттің атынан арнайы қолөнер шеберіне әсемдеп жасаған Құран кітабын сыйлық ретінде ұсынды.
Ермек қажы Тасболатұлы: «Славгород қаласындағы мұсылман бауырларымызға арнап салынған осынау әсем мешіттің ашылу рәсімінде жиналған барша қауым сіздерге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің ыстық сәлемін жеткіземін. Тура дін исламда бауырмалдық, туыстық байланыстың берік болуына айрықша мән берілген. Біз Алтай өлкесіндегі қандастармызбен және осындағы мұсылман бауырларымызбен жақсы қарым-қатынастамыз. Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің ынтымақтастығының жоғарғы деңгейде болуы-біздің де өзара қарым-қатынасымыздың тың серпінмен жан-жақты дамуына мүмкіндік беріп отыр, жаңа мешіттеріңіз құтты болсын. Бұл мешіт тек Славгород қаласының ғана емес, Алтай өлкесіндегі күллі қандастарымыздың ірі рухани орталығына айналуына тілектеспін», - деп атап өтті.
![]()
Іс-шараны ұйымдастырған, осы мешіттің салынуына ұйтқы болған Алтай өлкесінің орталығы Барнауыл шаһарындағы «Жергілікті қазақтардың ұлттық мәдени автономиялы «Асыл мұра» қоғамдық ұйымының» төрағасы, қоғам қайраткері Хаиржан Досумбеков өз сөзінде, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтиге және өздерін әркез қолдап келе жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына ыстық ықыласын жолдай келе, бұдан ары да ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңызды екендігіне тоқталды.
Мешіттің ашылу рәсімі қарсаңында бірқатар мәдени-рухани шаралар өтті. Бабалар рухына арналып Құран бағышталып, ас берілді. Салиқалы басқосуда асыл дініміздің және Ардақты пайғамбарымыздың (ﷺ) руханияттың қайнарына айналған тағылымды хадистері айтылып, ұлтымыздың тарихи баянынан да құнды дәйектер сөз болды. Арнайы бағдарлама бойынша Алтай өлкесіндегі өнерпаз қандастармыз қонақтарға арнап әсем ән күмбірлі күй төкті.
Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы бұдан соң Славгородтың және Барнаулдық БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Осылайша атажұрттан жырақтағы Славгород қаласындағы мешіттің ашылу тойы-қандастарымыздың басын қосқан, мұсылман бауырларымызды қауыштырған берекелі ұлттық, руханият мерекесі ретінде белгіленді.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.09.2016
4016
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру