Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дағдарыс себебінен Африкадағы ірі мешіт құрылысы баяулады

19.08.2016 4273 0 пікір

Алжир 10 жыл бұрын Африкадағы ең ірі мешіттің құрылысы басталғанын жариялаған болатын.

Мұсылман ғибадатханасының іргетасы мұнай бағасы шарықтап тұрған 2011 жылдары қалана бастаған. Естеріңізге сала кетейік, мұнай экспорты Алжир бюджетіне түсетін табыстың 95% құрайды.

Алайда 2014 жылы «қара алтынның» әлемдік бағасы құлаған кезде, Алжир елі ғана емес, сонымен қатар, Сауд Арабиясы және Нигерия мемлекеттері де қиын жағдайға тап болған болатын.

Нәтижесінде, $1,5 млрдқа бағаланған жоба белгісіз уақытқа кейінге шегерілді.

Проект мечети.

Мешіті жобасы

 

Бастапқыда, мешіттің ашылуы 2017 жылға жоспарланған болатын.  Енді бұл күн кем дегенде 2020 жылға дейін кейінге қалдырылып отыр.

«Тіпті 2020 жылдың өзі күмәнді. Құрылыс одан да ұзағырақ уақыт алуы мүмкін. Кез-келген болжам жасау қиын,» - дейді "Солтүстік Африка" журналының бас редакторы Арезки Дауд.

Muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру