ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілі Төлеби Оспан Шалқар ауданында іс-сапармен болды. Сапар барысында 2016 жылдың 11 тамыз күні Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Шерияздановтың басшылығымен Шалқар ауданында Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес және тероризмге қарсы комиссияның кеңейтілген отырысына қатысты.
Аудандағы экстримизмге және теріс ағым әрекеттеріне қарсы атқарылған іс-шаралар баяндалған шарада өкіл имам Шалқар ауданына қарасты мешіттердің қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстарын ортаға салды. Ауданға білікті діни мамандарды тарту, мешіттердің жері мен ғимаратын діни басқарма балансына өткізу, имамдардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу сынды мәселелерге тоқталды.
Сонымен қатар, өкіл имам аудан орталығында «Жұмысшылар қалашығы», «Жанаман ахун» және аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіттерінің тыныс-тіршілігімен танысып, жамағатпен жүздесті. Кешкілік құптан намазында жамағатқа «Жамандыққа бұйырушы нәпсі» тақырыбында уағыз айтты.
Ал, келесі күні, яғни, жұма күні Төлеби Дәділұлы Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде мұсылманның сипаты, берілген нығметтерге ететін шүкірі тақырыптары аясында жұма уағызына шығып, жамағат намазын жүргізді. Сондай-ақ, аудандық мешіттің ақсақалдар алқасымен кездесіп, оларды мешіттің қызметін жетілдіруге, жастарды дәстүрлі бағытқа бұру істерінде белсенділік танытуға шақырды.
«Нұр ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.08.2016
3877
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру