Қажылық маусымында Джидда халықаралық әуежайы сағатына кемінде 4300 қажыны қабылдайды. Бұл туралы Абдул Азиз король атындағы Халықаралық әуежайдың Қажылық жөніндегі директоры Халид бин Муслим әл-Харби мәлімдеді.
Директордың айтуында, қажыларды қабылдау үшін арнайы 13 зал бөлінген.
«Әуежайдан әр адамға автобусқа мініп кету үшін 45 минут уақыт беріледі. Біздің ойымызша, ешқандай кідіріс болмайды. Өткен жылы болған келеңсіздіктер жекелеген туристік агенттіктердің жұмыстарына байланыс туындады», - деп атап өтті директор.
Еске сала кетсек, биылғы қажылық маусымы 20 тамызда басталады.
E-islam.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.08.2016
3722
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру