Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әйнек мешіт салынады (фото)

09.08.2016 4063 0 пікір

Австралияның Ньюпорте қаласында көп ұзамай әлемдегі ең таңғажайып мешіттің құрылысы қолға алынбақшы. Оның ерекшелігі неде дейсіз ғой? Ол әйнектен салынады. Іште намаз оқып жатқандар сырттағыларға көрініп тұратын болады. Бұл мешіттің есігі келесі жылы жамағатына айқара ашылып қалуы мүмкін. Аталмыш жоба сәулетшісі Гленн Мёркат неліктен мұндай өзгеше мешіт салуға аңсары ауғанын былай түсіндіріп берді: "Мен Таяу Шығыстың дәстүрлі үлгісін қайталағым келмеді. Оның үстіне, осы заманғы адамдар еркіндікті, ашықтықты қалайтынын ескердім". Айта кетейік, бұл жобаға егде жастағы мұсылмандар екіұдай пікір білдіріп, құптай қойған жоқ, алайда жастар қызу қолдау білдірді. Бұл мешіт жергілікті мұсылман жамағатының қаражаты есебінен салынады. Мешіт аумағында, сондай-ақ, кітапхана мен мейрамхана болады. 

Стеклянная мечеть появится в Австралии (Фото)

Стеклянная мечеть появится в Австралии (Фото)

 

Стеклянная мечеть появится в Австралии (Фото)

Islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру