Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Малайзияда ел мұсылмандарына "Pokemon Go" ойнауға тыйым салынды

08.08.2016 3849 0 пікір

Малайзияның шариғат мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті елдегі мұсылмандарға Pokemon Go ойынын ойнауға тыйым салды. Бұл туралы Malay Mail хабарлайды. Рухани билік мұндай шешімді мұсылмандардың амандығы үшін және 1 тамыз ойынының жаман әсерлерді есепке ала отырып жасап отыр. Ел мүфтиі Зулкифи Мұхаммед әл-Бакри егер ойын жамандыққа жол ашса, онда Pokemon Go ойынынан бас тарту керек деп мәлімдеді. Бұған қоса ол ойын түрлі жол апаттары, тыңшылық, жеке кеңістіктің бұзылуы, гаджеттерге деген тәуелділік, жұмыс пен оқуға кері әсер ететінін және эмоционалды тұрғыда адамға теріс әсер беретінін алға тартты. 

24.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру