Аргентинаның солтүстігінде 40 жылдан бері тек қана үңгірде өмір сүретін адам бар. Ол жергілікті тұрғындар үшін тірі аңызға айналған. Педро Луканың жасы қазір 79-да. Айына алатын зейнетақысы 200 долларға жетпейді. Оның ел қатарлы заманауи үйде тұрудан бас тартып, орман ішінде өмір сүре бастағанына 40 жыл болған. Бірақ жерлестері қария замандастарына қарағанда анағұрлым жас көрінетінін жыр қылып айтады. Қимылы ширақ. Тау басындағы үңгірге күніне бірнеше мәрте көтеріліп-түссе де шаршау дегенді мүлде білмейді. Ол электр жарығын атымен қолданбайды. Ішетіні – іргеде ағып жатқан бұлақ суы. Қарны ашса, қаруын алып қалаған аңын атып жейді.
Педро 11 тауық пен 2 ешкі ұстайды. Олар жақын маңда жайылып, кешкілік үңгірге келіп, таң атырады. Күнде таңғы 3-те әтеш шақырған кезде тұратын қария әрбір күнін от жағумен бастайды.
Үңгірге ең жақын елді мекен – Сан-Педро-де-Колалао қаласы. Педро қажетті заттарын осында келіп алады. Сондағы алатыны – майшам, ашытқы мен жүгері. Үңгір мен қаланың арасы – 3 сағаттық жол.
Педроның қолында жалғыз заманауи құрал бар. Ол – батареямен істейтін шағын радиоқабылдағыш. Бірақ оның өзі толқынды дұрыс ұстамай, көбіне үнсіз тұрады.
24.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.08.2016
4466
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру