Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Германия сәләфиттік ұйымдарға тыйым салмақшы

29.07.2016 4787 0 пікір

Германияда Төменгі Саксон полицясы Хильдесхайм қаласындағы сәләфиттік ұйымның сегіз жетекшісінің пәтерлеріне тінту жүргізді. Бұл жайында Spiegel журналы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

"Соңғы бірнеше ай ішінде біз дайындық жасап, аталмыш ұйымға тыйым салу үшін тінту жүргізуді қолға алдық", - деп мәлімдеді Төменгі Саксония Ішкі істер министрі Борис Писториус.

Қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, Deutschsprachiger Islamkreis Hildesheim (DIK) сәләфиттік ұйымы мұсылмандар арасында діни сенімге байланысты жеккөрушілік сезімді қоздырушы семинарлар мен уағыздар өткізеді.

Ұйым жетекшілерінің үйін тінту операциялары сәрсенбі күні аяқталды. Операция қорытындысы әзірше жарияланбады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру