
Тәжікстанда көрмеге 1,6 граммнан тұратын Құран қойылды.
Бұл - мұсылман әлеміндегі Құранның ең кішкентай басылымдардың бірі болып табылады. Ол Тәжікстан Республикасының Ұлттық кітапханасының мұражайында сақталған.
«Құранның бұл көшірмесі қазіргі уақытта Қасиетті кітаптың ең кішкентай нұсқасы болып саналады. Тарихшылар кішкентай Құранның ХХ ғасырдың басында Қазан қаласында жасалғанын айтады. Аталмыш Құран отандық және шетелік қонақтарды өзінің тартымдылығымен баурады», - дейді қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптар бөлімінің меңгерушісі Раджабали Додихудоев.
Кітаптың ұзындығы – 1,8 см, ені – 1,2 см, ал салмағы – 1,6 грамм. Кітап 292 беттен тұрады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.07.2016
3756
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру