
Бүгін Ақтөбе жұртышылығы таң сәріден тұрып мерекелік айт намазын оқуға мешітке жиналды. Мешітке симаған жамағат сыртта сап түзеді. Мұсылман жамағатын ұлық мерекемен құттықтау үшін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Нұр Ғасыр» мешітіне арнайы келіп, көпшілікпен бірге айт намазын оқыды. Сонымен қатар, намазға Қазақстан Халықтары Ассамблеясының төраға орынбасары Ералы Тоғжанов та қатысты.
Биылғы Ораза айт мерекесінің басты ерекшелігі – Облыс басшысы Бердібек Мәшбекұлының тікелей қолдауымен мешіт ауласына 7 киіз үй тігілді. Айтқа келген көпшілік қауымға айттық дастархандар жайылып, дәм ұсынылды. Жастар арасында ұлттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Мерекелік шараға шамамен 5500-ге жуық адам қатысты. Мешіт ауласындағы мерекелік шараға қаладағы этно-мәдени орталықтардың да өкілдері белсене қатысты.
Айтқа арнайы ұйымдастырылған іс-шаралар жамағатқа мерекелік көңіл-күй сыйлап, айт мерекесін ұлттық сипатта атап өтуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, дін мен дәстүрдің біте қайнасқандығының нақты көрінісін паш етті.
![]()
Отыз күн бойы ораза ұстаған ақтөбеліктер жамағат болып елдің амандығы мен тұрақтылығын Тәңірден тілеп, бірін-бірі құттықтады. Өз кезегінде мешіт жамағаты мен ақсақалдары облыс әкіміне елдің әлеуетін арттыру мен бірлігін нығайту жолындағы еңбектеріне және айт мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шаралар үшін ризашылықтарын білдірді. Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Ғасыр» мешітінің алдында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар кешке дейін жалғасын таппақ.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.07.2016
4104
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру