
Луисвилл қаласында аты аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлимен екі күндік қоштасу рәсімі өтуде.
Қоштасу рәсімі дәстүрлі мұсылман ғұрпымен басталды. Спортшы отбасы мүшелерінің айтуына қарағанда, жерлеу рәсімі туралы тек туған-туыстары ғана жоспар жасаған.
Заид Шакир имам атақты боксшы өзінің өмірден өткен сәтін де көпшілікке ой салатындай, насихат болса деген тілегін айтқанын жеткізді.
Мұхаммед Әли әлемнің қай бұрышында жүрсе де жергілікті мұсылмандармен тұрақты түрде намаз оқып келген. «Мұхаммед Әли ұлы спортшылардың және нағыз мұсылманның бірі еді. Ол өзінің сенімі мен қағидалары үшін барлығын құрбан етуге дайын болатын», - деді Шакир имам жаназа намазында.
Айта кету керек, Мұхаммед Әлидің жаназасы, қоштасу рәсімі АҚШ ұлттық телеарнасы тарихында тұңғыш рет тікелей эфир арқылы көрсетілді.
«Бүгінде әлемді исламофобия жайлаған уақытта, Мұхаммед Әлидің жаназасы – жақсы мұсылман әрі америкалық болудың жарқын үлгісі», - деп атап өтті Америка-Ислам қатынастары жөніндегі кеңес өкілі Давуд Валид.
Атақты спортшымен қоштасу рәсіміне бірқатар мемлекет басшыларының қатысуы жоспарланған. Бұл қатарда Түркия президенті Режеп Ердоған да бар.
Мұхаммед Әли 74 жасқа келген шағында 3 маусым күні ауруханада көз жұмды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.06.2016
4028
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру