Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аты аңызға айналған Мұхаммед Әли дүниеден озды

04.06.2016 10529 0 пікір

 

Бокстан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Мұхаммед Әли тыныс жолы сырқатымен ауруханаға түскен болатын. Алғашында денсаулығы бірқалыпқа келе бастағанымен сырқаты күшейіп, дүние салды деп хабарлайды Mirror. 

Бүгінде 74 жасқа келген М.Әли Паркинсон ауруымен отыз жылдан бері күресіп келген. Соңғы уақытта көпшілік алдына шығуды мүлде тоқтатқан Мұхаммед Әли өзі негізін қалаған Паркинсон орталығындағы қайырымдылық шарасына қатысқан болатын.

Паркинсон ауруына шалдыққанда «Алла маған бұл ауруды №1 мен емес, Ол (Алла) екенін ұқтыру үшін жіберді», - деген Әли. 

Әлидің шын есімі Кассиус Марселлус Клей. 1964 жылы  Ислам дінін қабылдағаннан кейін Мұхаммед Әли етіп өзгерткен.

Мұхаммед Әлидің Жаратушы туралы атақты сөзі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру