Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қырғызстан әскерде радикализммен қарсы күресті қолға алмақ

17.05.2016 3629 0 пікір

Қырғызстан Қорғаныс министрлігі әскер қатарында радикализммен қарсы күресуге шешім қабылдады.

Аталмыш жұмысты жүзеге асыру үшін Қырғыз Қорғаныс министрлігінің Бас штабы және республикалық әкімшіліктердің басшылары «Дәстүрлі Ислам дәлелдері негізінде радикализмге қарсы күрес» семинарына қатысты.

Семинарға Қырғызстан діни басқармасы өкілдері, сондай-ақ дін басылары мен тәуелсіз сарапшылар қатысты.

«Исламдағы радикалды ағымдарға тыйым салу арқылы емес ел азаматтарын діни тұрғыдан ақпараттандырып, сауатын көтеру арқылы күресуді қолға алып отырған Қырғызстан дұрыс шешім қабылдап отыр. 

Бұл бағытта әсіресе мемлекеттік шенеуніктердің: құқық қорғау органдарының, мемлекеттік қызметкерлердің т.б. діни сауатын көтеру маңызды. Біз өзіміздің ұлттық идеологиямызды нақтылап алып, соған барынша жармасуымыз қажет. Осы ретте «Ханафи мазһабы» біздің менталитетке сай келеді. Сондықтан да, Қырғызстандағы Исламның дамуында атылмыш мектеп маңызды рөл атқарады» деді, «Эйман» рухани мәдениетті дамыту қорының төрағасы, семинарды ұйымдастырушылардың бірі Нұржігіт Қадырбеков.

«Радикализмнің негізінде надандық пен діни аз ақпараттану жатыр. Біз адамдардың діни білімін көтерсек, олар Ислам туралы зиянды түсіндірулерге өзбетімен-ақ тойтарыс бере алады», деді өз кезегінде, Бас штаб өкілі, полковник Еркін Қасымов.

 

«Muftyat.kz»

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру