Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мексика Сауд және Катар елдеріне халал ет жеткізе бастады

17.05.2016 3952 0 пікір

Мексика ет өндірушілері Сауд Арабиясы мен Катар, соның ішінде Таяу Шығыстағы елдерге халал өнімдерін (мұсылманша өнімдерді меңзейді) жеткізе бастады, бұл туралы Кальсада Ровироса Мехикода өткен Латын Америкасы Ауыл шаруашылығы министрлерінің баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Muftyat.kz.

«Бізде халал өнімдерін өндіріп жатқан және өндіруге ниетті көптеген өнеркәсіп орындары бар, мұндай өнімдер Таяу Шығыс елдерін қызықтыратыны анық», - деп атап өтті Кальсада Ровироса.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде атылмыш өнімдерді экспорттау аз мөлшерде болса да басталған, бірақ оларды жақын болашақта шындап ұлғайту жоспарлануда.

Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы жөніндегі Мексика Ұлттық Кеңесінің басшысы Бенхамин Грайеб Таяу Шығыс елдеріне алдағы үш жылда жеткізілетін халал экспорт көлемін 1 млрд долларға бағалады.

«Muftyat.kz»

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру