Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылман әйел «ыстық өткізбейтін» хиджаб ойлап тапты

17.05.2016 4412 0 пікір

Оны екінші сөзбен жоғары технологиялы хиджаб деп айтуға да болады.

22 жастағы Ахмад Ганема хиджаб киетін мұсылман әйелдердің арманын іске асыру үшін осындай шешім қабылдаған, бұл туралы islamisemya.com сайтына сілтеме жасап Muftyat.kz хабарлайды.

Кәсіпкер бұл өнертабысты жасау үшін күн сәулесін тосатын, соның ішінде тез қатпарланып қалмайтын және ылғалданбайтын материалдарды таңдаған. Күн сәулесін 80%-ға дейін тосуға қабілетті маталар өзін-өзі салқындата алады екен.

Мұсылман әйелдерге арналған инновациялық материалдарды жасауға 2 жыл уақыт жұмсаған. Бұл топтаманың атын ол жай ғана «салқын және құрғақ» хиджабтар деп атауды жөн көріпті.

Ганеманың айтуынша, инновациялық орамалдың ішіндегі ауа температурасы стандартты маталардан жасалған хиджабқа қарағанда орташа 12-13 градус төмен болады екен.

«Мұсылман әйелдер хиджабты киіп қандай жұмыс жасаса да ешқандай қиындықтарға тап келмесін деген оймен осыны жасауға бел будым, мен жай ғана олардың өмірлерін сәл ғана жеңілдеткім келді», -  дейді өнертапқыш.

«Muftyat.kz»

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру