Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Vertu смартфондары араб каллиграфиясымен безендірілуде

17.05.2016 3766 0 пікір

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында, элиталық ұялы телефондар шығарушы Vertu араб каллиграфиясымен безендірілген жинағын шығаратыны жайлы жариялады, бұл туралы islam-today-ға сілтеме жасап Muftyat.kz хабарлайды.


Смартфондар саны шектеулі.

Жинақтың аты Signature Touch болады. Телефондарды безендіруге БАӘ суретшілері қатысты, оның ішінде белгілі суретші Виссам Шаука да бар.

«Signature Touch коллекциясындағы әр телефонға соңғы үлгідегі технологиялар мен қолмен жасалған жұмыс біріктіреді. Араб каллиграфиясы - енді жаңа гүлдену дәуіріне аяқ басты» дейді мамандар. «Бұл ұялы телефондар тобына қызығушылар әлем бойынша біз ойлағаннан да көп болады деп күтіп отырмыз», - дейді дизайнер.

Мұсылманша «Vertu» смартфондарының шектеулі жинағы Сауд Арабиясы, БАӘ, Катар, Кувейт және Ливан сияқты елдерде қол жетімді екенін айта кету керек.

Сонымен қатар, эксклюзивті дизайндағы моделді Таяу Шығыстағы кез-келген елге тапсырыс арқылы алдыруға болады екен.

«Muftyat.kz»

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру