
Басқару және бақылау орталығы
Сауд органдары Таяу Шығыстағы ең ірі және технологиясы ең жоғары жаңа бейнебақылау орталығын ашуға ниетті, бұл туралы Middle Еast Eye хабарлады.
Орталықта кем дегенде 18 мың сыртқы бейнебақылау камераларының жұмысын бақылауға мүмкіндік болады. Бейнебақылау орнында 1600 оқытылған полиция қызметкерлері жұмыс істейді.
Аталған орталықтың ашылу күні әзірге белгісіз, бірақ орталық жұмысы қазірдің өзінде жол қауіпсіздігін бақылау үшін пайдалануға берілген.
Жақын арада Сауд әкімшілігі кез-келген төтенше жағдайды хабарлау үшін «911» санын іске қосады деп күтілуде. Егер сіз қауіпсіздік мәселесі жайлы кез-келген мәселеге тап болсаңыз, осы номерге қоңырау шалсаңыз болады және сіздің қоңырауыңыз дереу қауіпсіздік орталығына түсетін болады.
Орталықта жұмыс істейтін барлық қызметкерлер ағылшын тілін еркін меңгерген.
Орталық бөлмедегі бейнебақылау жұмысы барлық 18 мың сыртқы бақылау камераларын көрсетіледі, атаулы жұмысты екі алып экран атқаратын болады.
Айта кету керек, осы күнге дейінгі орталық Мекке аумағындағы ең сенімді басқару және бақылау қауіпсіздік орталығы болатын. Алайда, ол тек қана әр түрлі қауіпсіздік қызметтерінің жұмысын үйлестіруді жүзеге асыратын. Ал, жаңа орталық, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.05.2016
3819
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру