Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЛОНДОН МЭРІ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСЕРДЕ ҚҰРАН СҮЙІП АНТ БЕРДІ

11.05.2016 4359 0 пікір

Лондон қаласының тарихында түңғыш рет мұсылман азаматы шаһар билігіне ие болды. Бұл жайында сайтымызда жарияланған болатын. Сайлау алдында 10-нан астам үміткер арасынан қала мэрі болып сайлануға лейбористтер партиясы атынан түскен Садик Хан мен консерванттар партиясының өкілі Зак Голдсмиттің мүмкіндіктері жоғары екені айтылған еді.

Олардың бірі қарапайым пәкістандық эмигранттар отбасынан шыққан белгілі саясаткер болса, екіншісі атақты миллиардердің баласы еді. Дегенмен, Лондон тұрғындары қала билігін қарапайым автобус жүргізушісінің ұлына сеніп тапсырды.

Айта кетерлігі, сайлауалды мәжілістердің бірінде Садик Хан қасиетті Құран Кәрімді ұстап тұрып, «қаланың барлық тұрғындарына, тіпті ол миллиардер немесе автобус жүргізушісі болса да тең қарауға» уәде берген болатын.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру