Кувейт мемлекетінде өткен халықаралық Құран жарысына әлемнің 60-тан аса елінен 120-дан астам қари-хафиздар бақ сынасты. Әлемдік деңгейдегі сайысқа ҚМДБ-ның діни білім және ғылым бөлімінің ұсынысымен Оңтүстік Қазақстан облысының «Ықылас» қарилар дайындау орталығының шәкірттеріде қатысты.
Сайысқа еліміздің атынан барған Жүсіпұлы Бекзат және Нағманов Алиқожа атты шәкірттер ынталандыру сыйлығын иеленіп, тәжірибе жинап қайтты.
Жарысқа қатысушылар Құран аяттары мен сүрелерін жатқа оқыды. Сондай-ақ, әр қатысушы Құран мәтінінің көркем оқу бойыншада сынға түсті.
Құранды жатқа оқудан 1- ші орын Ливан, 2- ші орын Сауд Арабия, 3- ші орын Америка Құрама Штатына бұйырды.
ҚМДБ баспасөз қызметі







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.04.2016
4033
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру