Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қант ауруымен ауыратындарға арналған Рамазан кітапшасы шығарылды

22.04.2016 3782 0 пікір

Халықаралық Диабет Федерациясы қасиетті Рамазан айы қарсаңында арнайы кітапша шығарып отыр. Оның ішінде қант сырқатымен ауыратын 140 миллион мұсылманға арналған нұсқаулықтар мен кеңестер топтастырылған.

Федерация президенті Шаукат Садикоттың айтуынша, анықтама кітапшасын әлемнің кез келген нүктесінен жүктеп алуға болады. Және кітапшадағы нұсқаулықтар мен кеңестер жүктеген адамның тұрғылықты мекеніне орай өзгеріп отырады. Мысалға, Скандинавияда тұратындар үшін ауыз бекіту уақыты 22 сағатқа созылады. Осыған орай, осы өлкеде тұратындарға арналған кеңестер де өзгеше болатыны анық.

Кітапшадағы ақпаратқа сәйкес, ораза ұстау қант ауруы бар кісілердің гемоглобин көрсеткішінің күрт төмендеп немесе көтеріліп кетуіне әсерін тигізетіні сөзсіз. Айта кетейік, Рамазан кезінде қант ауруының 1- түрімен сырқаттанғандардың жартысына жуығы ауыз бекітсе, 2 түрімен ауыратындардың 78 пайызы ораза ұстайтын көрінеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру