Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазан Құран жарысын ұйымдастырады

08.02.2016 3735 0 пікір

«Муслима» Бүкілресейлік қоғамдық әйелдер ұйымы 19-ші рет Құран мен ислам негіздері, руханият пен ізгілік білгірлеріне арналған «Сүйімбике мұрагерлері» конкурсын өткізеді.

Шара 2 сәуір күні «Жәрдем» мешітіне ұйымдастырылмақ.  «Муслима» ұйымының төрағасы Алмира ханым Адиатуллинаның айтуынша, конкурс ізгі буын ұрпақты қалыптастыру, еңбекқор, білімді, қоғамның дамуына үлес қосар жастарды тәрбиелеп шығару, мәдениетаралық қатынастарды нығайту, дәстүрлі ислам құндылықтарын дамыту, татар тілі мен мәдениетін, тарихын сақтауға, келесі буынға жеткізу мақсатында қолға алынған.

Жасөспірімдер арасындағы жарыс әртүрлі номинациялар бойынша өтеді. Барлық жеңімпаздар мен белсене қатысқандар белгілі дін және қоғам қайраткерлерінің қолынан арнайы марапат қағаздары мен бағалы сыйлықтарға ие болады. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру