Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти Халықаралық конференцияда баяндама жасады (ФОТО)

28.01.2016 4240 0 пікір

Ресейдің Орынбор қаласындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы қатысып, баяндама жасады. Дүние жүзінің діни-саяси ахуалы жайлы ойларын айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ, Ресейдің мемлекеттік арнасына арнайы сұхбат берді. Арнайы бір күн уақыт бөлінген дөңгелек үстелде адамзаттық құндылықтар мәселесі халықаралық дәрежеде талқыланды.

Біршама елдердің дін өкілдері қатысып жатқан алқалы жиын бір тақырып төңірегінде тоқайласты.  Ол – Ислам әлеміндегі бейбітшілік мәселесі. Жер бетіне дүрбелең салып жатқан қазіргі діни экстримістік ахуал жиналыстың негізгі арқауы болды. Келелі кеңестер айтылып, түрлі идеялар ортаға салынды. Конференция эксперттерінің бірі, Ресей Ғылым Академиясы Шығыстану институтының ғылыми-сараптамалық ақпараттар орталығының жетекшісі Плотников Николай Дмитриевич наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың жасаған баяндамасындағы көтерілген өзекті проблемалар мен айтылған тұшымды ойларға жоғары баға беріп, ҚМДБ-ның атқарып келе жатқан жұмыстарына тәнті болғандығын атап өтті.

muslim.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру