Каир қаласында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор Жуда Абдулғани Басюни қаңтардың 21 жұлдызында Египет Араб Республикасының Уақыфтар министрі доктор Махмуд Мұхтар Жума мырзамен кездесті. www.akhbarelyom.com ақпарат сайты хабарлағандай, кездесуге Мысырдағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Берік Арын және Ислам университеттері лигасының Бас хатшысы доктор Жафар Абду Салам мырзалар қатысты.
Кездесу барысында Нұр-Мүбарак университеті құрылтайшыларының кезекті басқосуы мен «Бірлікпен экстремизм мен терроризмге қарсы күрес» халықаралық конференциясын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Конференцияда көтерілетін балалар мен жастарды, бүкіл қоғамды лаңкестіктен қорғау шаралары, адамзаттың бейбіт өмірін қалайтын бейбітшілік дінін зорлық-зомбылық, лаңкестікпен қатар қойылуына қарсы тұру және өзара ынтымақтастық пен түсіністікті күшейту туралы тақырыптар сөз болды.
Бұл мәселеде Қазақстандағы Нұр-Мүбарак университетінің орны, аймақтағы экстремизмге қарсы күреске қосып жатқан үлесі туралы айтыла келе, Нұр-Мүбарактың қос елдегі құрылтайшылар кездесуі алдағы сәуір айына жоспарланды. Бұл шараны жүйелеу жұмыстары ЕАР Уақыфтар министрлігі, Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті мен Ислам университеттері қауымдастығына қатар жүктелді.
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.01.2016
4267
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру