Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

40 жыл ішінде 120 мың қари дайындаған (ФОТО)

19.12.2015 4111 0 пікір
Түркия мемлекеті 40 жыл ішінде қасиетті Құран Кәрімді жатқа оқитын 120 мың қари дайындап шығарған. Бұл жайында Дін істері Басқармасының діни білім бөлімінің төрағасы әл-Бирак мәлім етті. Оның айтуынша, ел аумағында 1976-жылдан бастап 120 080 жан қари атанған.

Түрік елі қазіргі уақытта діни білім беру жүйесін жетілдіріп, барынша басымдық беріп келеді. Қасиетті Құран кәрімді оқытудың қазіргі таңда 15 мыңға жуық бағдарламасы бар көрінеді. Ал, елдегі мектеп жасындағыларға арналған 1 300 медреседе 61 500 шәкірт білім алып жатыр. Олардың 30 мыңға жуығы Құран жаттау бағытында. Сондай-ақ, ол биылғы жылы 6 150 шәкіртке хафиз дипломы табысталғанын айтып өтті.

Ол Түркия мемлекетінің 1932-жылдан бастап қасиетті Құран кәрімді оқытатын 19 850 орталық ашып, 40 мың ұстаздың 150 мың шәкіртке дәріс өтіп келе жатқанын мақтанышпен айтты.

muslim.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру