Әзірбайжан астанасы Баку қаласында панасыз қалған жетім балаларға арналған мекеме ашылды. Ал осындай игі іс жолында 3 қабатты өз үйін жергілікті мұсылман кәсіпкері тарту еткен, деп хабарлайды Baku.ws.
Бұл бастаманы "Zirvə Ziyalılar Təşkilatı" (ZZT) ұйымы ұсынған. Ұйым өкілі Фатима Бабаеваның айтуынша, қазіргі уақытта ғимараттағы өңдеу жұмыстары аяқталып келеді. Жуық уақытта барлық жабдықтарымен қамтамасыз етіліп, балаларға баспана ретінде беріледі.
«3 қабатты өз үйін берген дәулетті азамат бізге атын атамауызды өтінген болатын. Бұл үйде балалардың өмір сүруі мен білім алуына толықтай жағдай жасалады. Егер азаматтар көшеде қараусыз қалған балаларды көрсе осында алып келуіне болады», - дейді Фатима.
«Ол сондай-ақ ерікті көмекшілердің қол жалғауын қажет ететінін де айта кетті. Бұл ретте балалар үйі мұғалімдер мен осындағы жұмысқа қолғабыс еткісі келітін ізгі ниеттілердің баршасына ашық», дейді Ф.Бабаева.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.12.2015
4025
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру