Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шаржа қаласында халықаралық халал көрме өтуде

09.12.2015 3845 0 пікір

Желтоқсанның 8-10 аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Шаржа қаласында «Таяу Шығыстағы Халал индустриясы» тақырыбында халықаралық көрме өтіп жатыр.

Аталмыш көрмеге Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы тапсырмасымен Елімізден ҚМДБ-ның «халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев қатысуда. Бұл Ислам Ынтымақтастық Ұйымы ұйымдастырып жатқан 4-ші көрмесі. Аталмыш көрмеде ИЫҰ-ның қатарындағы елдердің халал азық-түліктері, фармацевтика және косметикалық өнімдері назарға ұсынылған.

Алдағы уақытта аталмыш көрмеге Отандық халал өндірушілердің өнімдері қойылатын болады.

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру