Естеріңізде болса, қазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия Дианетінің (Дін істері басқармасы) дін саласындағы ортақ әріптестік қарым-қатынасы негізінде қабылданған меморандумға сәйкес, елімізден 26 дін қызметкері Бурса қаласының имамдардың білімін жетілдіру орталығына аттанған еді. Бүгінде ел имамдары жоспарлы мерзімнің тең жартысын еңсеріп, Бурса орталығында озық ойлы, ұшқары білімді дін ғалымдарынан дәрістер алуда.
Диянетке қарасты Бурса білім беру орталығы 2004 жылдан бері қызмет етіп келеді. Білім шаңырағына әлемнің 15 елінен дін өкілдері тәжірибе жинауға келеді. Оның ішінде Түркияның өз азаматтары да осы орталықта оқиды.
Бүгінге дейін Бурса білім орталығында 4375 адам білім шыңдады. Мұндағы профессорлық-оқытушылық құрамның білім дәрежелері де өте жоғары. Білім-біліктілігі 8-45 жыл аралығындағы тәжірибелі ұстаздар сабақ береді. Олардың көпшілігі қари әрі 10 қирағаттан ижаза алған ұстаздар. Орталықта ақида, фиқһ, құран, тәжуид, мақам ілімі, діни рәсімдер, xадис, құран негіздері және xадис негіздері пәндерінен сабақ жүреді. Аптасына бір рет қоғам қайраткерлерімен арнайы кездесу семинары өтеді.
Бұған қоса, Қазақстаннан келген дін қызметкерлері ұстаздардан арнайы классикалық кітаптардан дәріс алуда. Қазіргі уақытта ел имамдарыӘбу Ханифаның "Фиқxул акбар" кітабы және шаршынан дәріс алып жатыр.
Сонымен қатар, жексенбі күндері таң намазынан соң Атақты қари«Меxмет Эмин Ай» Бурса қаласының мүфтиінің xадис сабағына ұдайы қатысып келеді.
Оқу ғимараты соңғы теxнологиялық жабдықтармен жабдықталған, арнайы жатақxанамен, 3 мезгіл ас-тамақпен қамтамасыз етілген.
Тарихы терең, патшалар мен хандар қаласы аталған Бурса Түркияның алғашқы астанасы саналады. Қазақстандық дін қызметкерлері демалыс күндері қаланың осындай тариxи және көрікті жерлерімен танысады. Таяуда ғана Сұлтан Сүлеймен патшаның салдырған байырғы монша ғимаратына экскурсия ұйымдасырылды. Жуырда Бурса қаласы "иләһият" факультеті Ұлытау университетінің Қазақстандағы студенттерімен тығыз байланыс орнап, футбол сайысы болды. Сондай-ақ, орталықта білім алып жатқан Түркия имамдарымен де футболдан бауырластық кездесу өтті.
Айта кетсек, Бурса білім жетілдіру орталығында «Нұр Астана» және «С.Ғылмани» мешітінің наиб имамдары Жандос Айтбай мен Рашид Алпысбаев ислам негіздерінен білім көкжиегін кеңейтуде. Имамдар ағымдағы айдың соңына курсты тәмамдап, Отанымызға оралатын болады.
Бурсадан Жандос АЙТБАЙ,
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.11.2015
3615
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру