30 қараша күні Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердімұхамедов Дашогуз қаласындағы жаңа сәнді зәулім мешіттің ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы Түркіменстан ақпарат агенттігі хабарлады.
Зәулім мешіттің ашылу салтанаты қасиетті жұмаға сай келді. Шаһардың орталығында бой көтерген құлшылық ордасында бір мезетте үш мыңға жуық адам құлшылық ете алады. Құрылысты түркиялық «5М» фирмасы жүргізген.
Онда келуші жамағатқа барлық жағдай жасалған. Озық сәулет үлгісімен көріктендіріліп, айналасы көгалдандырылған. Мер көлемі 2га асады. Сондай-ақ мешіт елдің ұлттық оюларымен көмкерілген, күмбезі 38 метр, биіктігі 40 метр және төрт мұнарасының биіктігі 63 метрді құрайды. Мешіт жанында 200 адамға арналған 3 қабатты қонақ үйі, 1500 адамға арналған асханасы мен мешіт жамағатына арналған автотұрақ та қарастырылған.
Осындай жер бетінде жаңа мешттің ашылғанына Жаратқанға мың шүкірлер айтқан жамағат бірлесе отырып, жұма намазын оқыды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.11.2015
5091
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру