Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бразилияда ит қоқыс арасына тасталған нәрестені құтқарды

02.11.2015 4185 0 пікір

Бразилияда  жаңа туған сәбиді ит құтқарып қалды. БАҚ хабарлауынша, ит үйілген қоқыстардың ішінен жаңа туған нәрестені  тауып алып, оны тісімен абайлап қана тістеп өзінің иесіне әкелген.

Әйел сәбидің денесіндегі қан іздерін көріп, оның жаңа ғана жарық дүние есігін ашқанын түсінген. Дереу баланы жақын маңдағы ауруханаға апарды. Дәрігерлер шарананы аман алып қалды. Оның жағдай қалыпты деп бағалануда. Тергеу нұсқасына қарағанда, ит анасының  баласын қалдық тасталатын жерге қалдырғанын көрген де дереу қазып алған. Сөйтіп сәбиді ажалдан алып қалған.

Нәрестенің анасы көп ұзамай табылды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Енді оған сот алдында жауап беруге тура келеді.

inform.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру