Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Грозный халықаралық университетінің іргетасы қаланды

29.10.2015 3960 0 пікір

Шешенстанда Грозный халықаралық университетінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Оқу орнының құрылысы 2017 жылы толықтай аяқталуы тиіс.

Салтанатты шараға Шешен басшысы Рамзан Қадыров пен EMAAR БАӘ инвестор-компаниясының президенті Мұхаммед әл-Аббари қатысты. Айта кетейік, EMAAR – әлемдегі ең биік «Бурдж Халифа» ғимараты мен дүниежүзінің ең ірі «Дубай Молл» сауда ойын-сауық орталығын тұрғызған компания.  

Қадыровтың айтуынша, 4 000 студентке сәйкестелген жаңа оқу орны жоғары ғылыми мамандар даярлаумен айналыспақ. Ал EMAAR компаниясының президенті Мұхаммед әл-Аббари өз ретінде университеттің құрылтайшысы Ресей тарапынан Шешен мемлекеттік университеті, БАӘ, Австралия мен Малайзия елдері болатынын атап кетті. Жаңа білім ошағында аталған елдердің профессорлары тәлім бермек. Осылайша құрылтайшылар бұл оқу орнын әлемнің үздік 10-дығына енгізбек ниетте. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру