Малайзия елінің Путраджая қаласында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше елдерге арналған «халал стандарт және инфрақұрылым сәйкестігі» бағдарламасы бойынша оқу семинары басталды. Бұл семинарға елімізден ҚМДБ-ның «халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев қатысуда. Жоғарғы деңгейдегі бағдарламаға Мысыр, Гамбия, Йордания, Мали, Сауд Арабия, Судан Турция, Уганда, Өзбекістан, Пәкістан, Қазақстан және т.б. елдер шақырылған болатын.
Алғашқы күнгі оқу семинары стандарттау, сапа, аккредитация және метрология мәселелері төңірегінде өрбіді.
Айта кетерлік тағы бір жайт, Малайзияда жалпы 6 мың стандарт бекітілген, оның 2 мыңға жуығы халал төңірегінде. Сонымен қатар 600-ге жуық лаборатория бар болса, оның 19-ы халал бағыты бойынша жұмыс жасайды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.10.2015
3937
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру